ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы ауданындағы Пятницков көшесі 102 «А» мекен жайынан сағат 11:56 кезінде Алматы ТЖД-інің кезекшілік бөліміне өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен.
«Алғашқы өрт сөндіру тобы оқиға орнына санаулы минуттарда жетті. Тілсіз жау 12:34-ке дейін толықтай ауыздықталды. Қосымша ақпараттар кейінірек беріледі»,- деп мәлім етті Алматы қаласы ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.