«Жедел іздестіру шаралары барысында аталған өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорынның кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленді.
Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік «Септохим» маркалы дезинфекциялық заттардан келтірілген материалдық залалдың сомасы 20 млн теңгеден асады», - деп жазды ведомстводан.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.