Алматыда ірі өрт оқиғасы болды, зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда ірі өрт оқиғасы орын алды, зардап шеккендер жоқ,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Қызыл жалын «Каприз» көпсалалы кешенінің мансардтық құрылысынан шықты. Өрт шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құрайды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген ведомство ақпаратында.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қалалық өрт сөндіру департаменті жеке құрамының 51 маманы мен 12 техникасы жұмылдырылды.