Алғашқы мәлімет бойынша Toyota Land Cruiser Prado Қабанбай көшесінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
Ол Фурманов көшесімен келе жатқан Hyundai-ға қағып өтеді. Соққыдан Hyundai тұрақтағы Газель көлігіне барып соғылады. Hyundai көлігіндегі жолаушылардың бірін алып шығу үшін гидравликалық құралдар пайдалануға тура келді.
Жол апатынан барлығы 9 адам жапа шеккен.
Prado көлігінің жүргізушісі өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Жол апатының себептерін жол полициясы анықтап жатыр.