Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, «Компания Крэми» және «Престиж» ЖШС-терінің директоры Э. Кабиров 3 жыл бас бостандығынан шартты түрде айыруға сотталды. Ол «Еңбек Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорымен алдын-ала келісіп, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің 160 млн.теңгесін ұрлауға көмектескен. Қазіргі кезде оның екі сыбайласына іздеу жарияланды.