Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Ислам мәдениеті және қазақ халқының дәстүрлері: түйісулар мен қайшылықтар" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.
"Дін атын жамылып жүргендердің іс-әрекеті осындай шараларда кеңінен талдануы керек. Діннің ешқандай экстремизмге де, лаңкестікке де қатысы жоқ. Мәселен ислам сөзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Дініміз бір адамды жазықсыз өлтіру бұл бүкіл адамзатты өлтіру деген ережені ұстанады. Адамдарға осы ақиқат жеткізіледі деген сенімдемін", - дейді Алматы қаласы Орталық мешіті Бас имамының орынбасары Ерсін Әміре. Оның айтуынша, лаңкестікке қарсы күресте әр адам өз үлесін қосуы керек. Ол құқық қорғау органдары мен имамдардың тірлігі деуге болмайды. Мемлекеттің барлық азаматы белсенді түрде оған атсалысуы қажет.