«Al Med» клиникасының іске қосылуына «Такафул» халал сақтандыру қоры мұрындық болды. Емдеу орталығының басқалардан ерекшелігі - сырқаттарға мүмкіндігінше шариғат талаптарына сай көмек көрсетеді. Онда намазхана бөлмесі бар, емделушілер мен қызметкерлерге құлшылықтарын орындауға толық мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, бала емізу үшін арнайы орын да қарастырылған.
«Клиникада әйелдер мен ерлерді де бөлек емдеу жағы ойластырылып, құрамында спирт не шошқа өнімдері бар дәрілер қолданылмайды. Сырқаттарға 20-дан астам кәсіби маман қызмет көрсетеді», - делінген таратылған хабарламада.