Өнерсүйер қауымға өз есігін өткен жыл ашқан аталмыш галерея оны 1 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырып отыр. Бұл шараға К. Барбаро 40-тан астам көркем полотносын ұсынбақ.
Көп жылдан бері Қазақстанда тұрып, еңбек етіп жүрген Кармине Барбаро Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Ол еліміздегі әртүрлі көркемөнер шаралары мен 2010 жылы наурыз айында ашылған «ARTFOGLIO» өнер галереясында экспозициялық және ағартушылық қызметпен қатар айналысады. Ондағы көрмелер қазіргі заманғы өнердің әралуан бағыттарымен қазақстандық көрерменді таныстыруға арналған тақырыптық кештер мен әрқилы шығармашылық иелерінің көсемсөздерін толықтырып отырады.