"Халықаралық бұл көрме мен оның аясында ұйымдастырылып отырған энергетиктер форумының басты мақсаты әлеуетті инвесторларға энергетикалық сектордың қазіргі жай-күйі мен оны дамытудың келешегі туралы мағлұмат беру. Өйткені Қазақстанда энгергетика саласындағы өндіріліп жатқан бұйымдар мен құрал-жабдықтар қазір нарықта өте аз. Сапасы да кейде халықаралық компаниялардың өнімдерінен нашарлау болып отыр. Бүгінгі шаралар осы олқылықтың орнын толтырып, салаға жаңа серпіліс беруге бағытталуда", -дейді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов.
4 қарашаға дейін созылатын дәстүрлі көрмені ұйымдастырған қазақстандық "Итека" көрме компаниясы. Оған Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Украина., Словакия, Латвия, Германия және Чехиядан 90-нан астам компания өз өнімдерін ұсынып отыр. Олардың арасында Чехия мен Германия ұлттық стендтерін ұсынуда.