«Өкінішке орай, бүгін таулы аймақта Ілияс Егізбаевтың денесі табылды. Жетісу аудандық полиция басқармасы 19 жастағы тұрғынға іздеу жариялаған болатын. Сот медициналық сараптама тағайындалды»,- деді Полиция департаментінен.
Айта кетейік, әпкесі 19 мамырда түскі 15:00 шамасында Ілияс Егізбаевтың үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы желіде жарияланған болатын.