«Бала табылды, аман-есен және дені сау. Біздің қызметкерлер жеткіншекті ата-анасына тапсырады. Үйден кетуінің себебі - далада серуендегісі келген екен. Солай деп түсіндірді. Кәмелетке толмаған баламен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі «, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда сегіз жасар баланың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.
Ол 20 қазан түнгі сағат үште, ата -анасы ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен.
Баланы полицейлер мен еріктілер іздеді.