Алматыда кадеттер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда кадеттер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өз жалауын көтерді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған 1994-1995 жылдары туған 112 жасөспірім қатысуда. Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан жиналған былғары қолғаптың жас шеберлері онда 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынауда. Биыл Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжінде өз жалауын көтерген бұл жарысқа Рақымжан Рысбаев бастаған қазылар алқасы төрелік жасауда. Чемпионаттың ақтық финалы ақпанның 7-сі күні өтеді.