«2 шілде күні Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері сағат 17:22-де қалада өрт тұтанғаны туралы хабар алып, шұғыл түрде Әуезов ауданының Мамыр-4 ықшамауданына аттанды. Олар оқиға орнына сағат 17:29-да жетіп, 2 қабатты «Тарым» кафесінің төбесі мен үстіңгі жабыны жанып жатқанын анықтады»,-деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт жақын тұрған ғимараттарға өтуі мүмкін еді.
«Сондай-ақ өрт болып жатқан жерден көлемі 50 литрлік 8 газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 18:06-да оқшауланып, 11 минуттан соң толық сөндірілді, 150 шаршы метр алқап жанып кетті», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Оқиғаның салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.