Алматыда қала әкімі білім беру ісінің ардагерлеріне пәтер кілтін табыс етті

АЛМАТЫ. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі кезінде үздіктерді марапаттау рәсімі болды.

Онда қала әкімі Ахметжан Есімов Тұрсынай Медетбекқызы,  Ғалия Ыбраева, Сәуле Әзімбаева, Әділхан Төлебаева сияқты 8 ардагер ұстазға пәтер кілтін табыс етті. Бірқатар білім беру мекемелерінің қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттап, «Орта білім беретін ұйым» қалалық байқауының жеңімпазы болған №175 гимназияға 175 млн. 951 мың теңгенің сертификатын және республикалық «Білім ұясы» байқауының 7 жеңімпаз ұйымына көп салалы лагер құрылғыларын сыйлады. Ал Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Нұрлан Ыбырайым министрліктің 3 адамға «Ыбырай Алтынсарин» медалін,     2 адамға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісін, 5 адамға - Құрмет грамотасын және 6 адамға   - Алғыс хатын тапсырды.