Ол Алматыда ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлады қала басшысының баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Серік Сейдуманов бүгін «Нұр Отан» ХДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
З. Аманжолова 1958 жылы 21 наурызда туылған. 1981 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдады. 15 жылдан астам уақыт бойы алматылық ауруханада - гинеколог, 1995-2006 жылдары перинаталды орталықтың директоры болды, 2006-2009 жылдары Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментін басқарды. 2009-2013 жылдар аралығында Бостандық ауданының әкімі лауазымында қызмет етті. 1999 жылы «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталды, ал 2005 жылы елдің ең үздік акушер-гинекологы атанды.