Бүгінгі және ертеңге бағдарламаларда - «AlmatySkylightShow» мультимедиалық пиротехникалық шоуы, Медеуге баратын жолда демалыс алаңының ашылуы, «Дәмді тағамдар мерекесі», жылсайынғы «AppleFest» алма фестивалі, веложорық және басқа да акциялар көзделген. Мерекелік тамаша шоу орталық стадионда өтетін «Muzzone-2013» Еуразиялық музыкалық сыйлығымен аяқталады.
Сондай-ақ Қала күнін мерекелеу ауқымында Алматыда ІІІ Халықаралық қуыршақ карнавалы, француздық «Mademoiselle K» рок-тобының және Лилль қаласы ұлттық оркестрінің концерттері болады. Бүгін сонымен қатар жылсайынғы ІІ Халықаралық цирк өнері фестивалі басталады.
Мерекелік шаралар өтуіне байланысты бұқаралық-мәдени шаралар өтетін жерлердің қасында қоғамдық көлік қозғалысы қосымша сағат 23-24-ке дейін, метро - түнгі бірге дейін ұзартылды. Қала билігі жеке көлікті тұрақтарға қоюда қиыншылыққа жол бермеу үшін алматылықтарды қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.