Сенбілікке қаладағы барлық жоғары, орта және арнайы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары, заңды тұлғалар мен коммуналдық қызмет орындары, бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылған.
Алматы қаласының жеті әкімшілігінің мәліметінше, бүгін тазалық акциясына 200 мыңнан аса адам қатысады деп жоспарланған.
Қатысушыларға қажетті құрал-саймандар, қаптар мен жиналған қоқысты тиейтін арнайы көліктер бөлінген. Қала бойынша қоқыс шығаруға 200 көлік тартылды.
Сенбілік барысында қала көшелеріне, аула аумақтарына, арықтар мен өзен жағалауларына, қоғамдық орындарға, арық желілеріне, сонымен қатар, жасыл алқаптарға, су қоймалары мен өзен аңғарларына тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Шара барысында, қаланың эстетикалық келбетіне де ерекше назар аударылатын болады. Яғни, ағаштар ақталып, ғимараттардың сырт жағы, қоршаулар мен тіреулер, орындықтар мен жарнама тақтайшалары сырланады.