деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Молл (mall, ағылшын тілінен аударғанда) күшті ойын-сауық құрылымдары бар және түрлі сауда форматында қызмет көрсететін сауда кешені деген мағынаны білдіреді, яғни зәулім ғимараттары мен клиенттеге арналған ыңғайлы көлік тұрағы бар кешен әлемдік танымал сауда брендтерін ұсынатын молл болып табылады.
«Орталық Азиядағы аса ірі Апорт моллының құрамында 100-ден астам гипермаркеттер, дүкендер мен ойын-сауық операторлары қызмет көрсетеді. A'port аймақтық моллының ел аумағындағы өзге сауда-ойын-cауық кешендерінен айырмашылығы да ондағы операторлардың саны мен қызмет көрсету пішінінде», дейді Eurasia RED компаниясының қаржы және бизнесті дамыту жөніндегі директоры Дмитрий Ревин.
A'port аймақтық моллына 10 000 шаршы метрді алып жатқан, 40 000 түрлі тауар түрлерін сататын Қазақстандағы аса ірі РамсторГипер гипермаркеті, 10 000 шаршы метр аумақты алып жатқан, үйге арналған тауарлар мен құрылыс материалдарын сататын Kazmart гипермаркеті, 2 500 шаршы метр аумақты алып жатқан «Қалашық», 40 мыңнан астам балалар тауарларын сататын гипермаркет, мұндай пішінде тұңғыш рет ұсынылып отырған Funky Town балалар ойын-сауық кешені, сандық үлгідегі 3D форматында қызмет көрсететін Star Cinema кинотеатры, халықаралық франшизер Inditex тобының 2000 шаршы метрді алып жатқан Zara Women, Zara Men, Zara Kids топтамаларын ұсынып отырған тұңғыш Zara дүкені кіреді. Кешендердегі барлық тауар бағалары басқа супермаркеттерге қарағанда 10 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.
Компания алдағы уақытта маусым таңдамайтын аквапарк пен бүкіл отбасына арналған SPA-орталығын, жастарға арналған ойын-сауық түрлері мен Қазақстан үшін жаңа да сәнді сауда брендтерін ұсынатын киім дүкендерін салуды жоспарлап отыр. Жақын келешекте Eurasia RED компаниясы Құлжа тас жолының бойында екінші аймақтық Апорт сауда-ойын-сауық кешенін салуға кіріспек.
Келушілерге Қазақстанда баламасы жоқ 3500 орындық көлік тұрағы тегін қызмет ететін болады.