Алматыда қала күніне орай барлық ірі сауда үйлерінде тауарлар арзан бағамен сатылатын болады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы сауда орындары қала  күні мерекесіне орай «Біз - алматылықтармыз!» атты жалпы қалалық сауда акциясын өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше басталған бұл шара айдың соңына дейін жалғасады. Тұтынушылар болса тауарларды арзан бағамен сатып ала алады. Сонымен қатар бұл айда әр сауда орындарда концерттер мен түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ.

Атап айтқанда, «МАХIМА»  сауда орнында өтетін «Красочный шопинг» шарасы  кезінде киім мен аяқ киімнің бағасы 10-40 пайызға төмендейді. Осы сауда  орнының екінші қабатындағы жалға берушілер де өз тауарларының бағасын арзандатады. Сондай-ақ қыркүйектің 26-да  «Аrctic ice» мұз айдынының ашылу салтанаты болмақ. Мұнда 10 мың дана жарнама купондары тегін таратылады.

Сондай-ақ өзге де ірі сауда орталықтарында тауарлар арзан бағалармен сатылымға шығарылады.

Қала күні мерекесіне орай барлық сауда орындар безендіріліп, концерттік бағдарламалар тұтынушылар назарына ұсынылады.