Алматыда Қала күніне орай теннистен турнир өтті
12:58, 19 Қыркүйек 2011
АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қала күніне орай үлкен теннистен әуесқойлар арасында жұптық турнир болып өтті.
Турнирге Алматы, Астана мен Талдықорған қалаларынан 28 жұп қатысты.
"Спорттық шараның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, Алматыда теннисті дамытуды насихаттау болып табылады",-дейді шараның ұйымдастырушылары.
Жарысты қала әкімі Ахметжан Есімов ашып, сайыс барысында кортта қазақстандық әйгілі теннисшілермен ойнады.
Шара соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.