деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімінің төрағалығымен өткен бұл мәжіліске Алматы мен Алматы облысының әкімшілік қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қала маңындағы аймақтардағы құрылыстың барысын бақылайтын мемлекеттік комиссияның жұмыс органының мүшелері қатысты. Оларға «Урбо Стиль» жобалық-өкілдік фирмасы жасаған қала маңындағы аймақтарды дамытудың бас жоспары таныстырылды. Ахметжан Смағұлұлы, «бұл Алматы қаласының тарихындағы ең ауқымды жобалардың бірі» екенін айтып, шаһарда соңғы 40 жылдың ішінде топогеодезияға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалмағанын жеткізді. Онда Алматы мен қала маңындағы аймақтардағы барлық өнеркәсіп нысандарына зерттеу жүргізіліп, қаланың дамуына байланысты оның сырт аймақтарының жаңа шекаралары айқындалып отыр. Бұл мақсатқа былтыр республикалық бюджеттен 950 миллион теңге бөлінген болатын.
Жалпы қала маңындағы аймақтарды дамыту жоспарының тұжырымдамасында: Алматы қаласын қалыптастырудың ұлттық идеясы, туризм, өнеркәсіп аймақтары, көлік инфрақұрылымы мен жасыл аймақты қалыптастыру мәселелері қамтылған. Сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және тағы басқа нысандардың мәселесі де қарастырылып отыр. Бұл жұмыстардың аясында қала м аңындағы аймақтардағы ірі елді мекендердің 58 бас жоспары жасалды. Сонымен қатар, жобалық мерзімдер белгіленді: іске қосылу мерзімі - 2009, аралық мерзімі - 2025, есептеу мерзімі - 2035, болжамды мерзімі - 2040 жыл. Қала маңындағы аймақтардың жаңа шекарасы 15,4 мың шаршы шақырымды құрауда. Оған Алматы облысының Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшқазақ аудандарының бөліктері мен Қапшағай қаласының әкімшілік аумағы еніп отыр.