Оның айтуынша, Медеу ауданының 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орналасқан қаланың тегін мұз айдынында конькилерді жалға алуға арналған орынжай өртенген.
«Өрт туралы хабар Алматы қаласының ТЖД кезекшісінің пультіне 00:32 түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минуттың ішінде жетті. 6 минут ішінде өрт ауыздықталып және тағы 4 минуттың ішінде толығымен сөндірілген. Гидранттардың жарамды болғаны өрттің тез ауыздықталуына ықпал етті. Қазір ТЖД жылжымалы зертханасы сараптама жасап жатыр», - дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Тілсіз жау 70 шаршы метр аумақты шарпыған.
Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітовтің айтуынша, төтенше жағдайға қарамастан тегін сырғанау қызметі өз жұмысын қалыпты режімде жалғастыратын болады.