Басқарманың хабарлауынша, қар тазалауға және мұз қатуын болдырмауға 127 техника мен 300 тонна көктайғаққа қарсы қоспа пайдаланылған. Басқармадағылардың айтуынша, Алматыда жол бетін ретке келтіруге былтырғы қыстан бері инновациялық технология қолданылып келеді.
Бұған дейін аталған ведомство қысқа дайын екенін жеткізген. Қыста қар тазалау жұмыстарымен 15 мердігер мекемелер мен «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық мекемесі айналысады. Қаланың 7 ауданының 60 пайызын тазалау аталған мемлекеттік коммуналдық мекеменің еншісінде. Онда барлығы 967 арнайы техника бар. Жол жұмыстарына барлығы 1600 адам тартылған.