олиция деректеріне сәйкес, жексенбі күні Алтынсарин көшесінің бойымен солтүстікке қарай қозғалған «Ютонг» маркалы 124-бағыт автобусының жүргізушісі Ұлықбек көшесінде рөлге ие бола алмаған. Тоқтай алмаған қоғамдық көлік көшедегі және тұраққа қойылған 8 автокөлікті соққан.
«Бастапқы мәлімет бойынша, 5 адам медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің нақты саны және оларға қойылған диагноздар анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында қазіргі уақытта біздің бөлімшенің жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жұмыс барысында сәйкес сараптамалар да жүргізіледі», - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.