Алматыда қалалық мәслихатқа қосымша сайлау өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы қалалық мәслихатқа №25, №34 және №36 сайлау округтері бойынша шығып кеткен үш депутатты таңдау үшін қосымша сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайлауға барлығы 9 кандидат қатысуда. Олар - «Нұр Отан» партиясының үш өкілі және өз кандидатурасын ұсынған алты азамат.

Түрксіб ауданында  36-шы округ бойынша дауыс беру 13 учаскеде жүргізіліп жатыр. Кандидаттар: Джегурда Борис Валерьевич, Мұстафаев Сиявуш Аширдинович және Грачев Михаил Владимирович.

«Мен 36-шы округте бақылаушымын. Сайлау қалыпты өтіп жатыр, тұрғындар таңертеңнен бері келіп жүр. Кейбіреулері кандидаттармен кездесіп үлгерген. Сондықтан, кімге дауыс беретінін біліп келген. Кейбіреулер стендтерден оқып, кандидаттардың өмірбаянымен, сайлауалды бағдарламасымен танысып, дауыс беруде. Менің ауданымдағы көптеген белсенді тұрғындар мен көршілерді көргеніме өте қуаныштымын», - деп атап өтті округ тұрғыны Саида Әзизова.

34-ші сайлау округі бойынша 15 учаскеде дауыс беріп жатыр. Депутаттық мандатқа Даербаев Степан Юрьевич, Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы және Лапшина Ляззат Майкенқызы үміткер.

«Біз қаламыздың жақсы жағына өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Қалада жаяу жүру ұнайды. Бірінші Алматы қазір танымастай өзгерді. Түрксіб ауданының тұрғыны ретінде мен үшін ауданымыздың дамуы мен абаттандырылуына кім үлес қосатыны маңызды. Сондықтан көршілерімізбен бірге келіп, өз кандидатымызға дауыс бердік», - деп бөлісті пікірімен Любовь Плотникова.

Жетісу ауданында 25-ші округ бойынша дауыс беру 12 учаскеде өтуде. Округ бойынша кандидаттар: Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлы, Кузьменко Сергей Николаевич және Юлдашева Жұмагүл Камильқызы.

«Мен мәслихат депутатын сайлауға үнемі қатысамын, себебі аудан проблемаларының шешілуі біздің таңдауымызға байланысты екенін түсінемін. Мен кандидаттармен кездесуге бірнеше рет барып, толғандырып жүрген сұрақтарымды қойдым және өз таңдауымды жасадым», - дейді Жетісу ауданының тұрғыны Гүлзат Бегімбекова.