деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сессияда қала әкімі мен аудан әкімдерінің өздеріне жүктелген міндеттері мен қызметтерінің орындауы туралы алғашқы жартыжылдықтағы есептері тыңдалды. Сессия жұмысына қалалық мәслихаттағы 36 депутаттың 27-сі және қалалық комитет пен басқарма төрағалары қатысуда. Есеп беру рәсімін Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров бастады. Оны Алмалы (Марат Пірінбеков), Әуезов (Әділ Несіпбаев), Бостандық (Зәуре Аманжолова), Жетісу (Ербол Әліқұлов), Медеу (Махамбет Бейдәлі) аудандарының әкімдері мен Түркісіб ауданы әкімінің міндетін атқарушы Раушан Әлібаева одан ары жалғастырды. Ал есеп беру рәсімін қала әкімі Ахметжан Есімов қорытындылап, депутаттар оларды бірауыздан бекітуге шешім қабылдады. Қазіргі сәтте қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың, қала әкімі аппаратының жетекшісі Бақытжан Доспанов пен қалалық басқармалар мен комитет төрағаларының ұсыныстары тыңдалуда.