Оның айтуынша, қаланың бас жоспарын жасау барысында бір емес, көп орталық қалыптастыру саясаты жүзеге асырылады.
«Алматы қаласының бас жоспарын жүзеге асыру үшін 2030 жылға қарай 4 трлн. теңге қажет. Яғни, жыл сайын 300 млрд. теңге қажет болады. Қалада алты әкімшілік орталық болады. Олар: оңтүстік-батыс, орталық, шығыс, батыс, солтүстік және оңтүстік аймақ. Яғни, алдағы уақыта әр аймақтың тұрғыны өзіне қажетті әлеуметтік қызметтерді алу үшін қала орталығына бармай-ақ, өз аймағында, өз ауданында ала алады. Сонымен қатар, үкіметтің қолдауымен Алматының сейсмикалық сызбасы әзіреніп жатыр. Ол биыл қараша айында аяқталады. Соның арқасында қаланың кез-келген ауданының сейсмикалық күйін анықтауға қол жеткіземіз. Бұл, ғимараттар салуда бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Алматының бас жоспарын жасаудағы басты мақсатымыз - қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау», - деді Б. Байбек.