АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматылықтар санитарлық нормаларды сақтап, қала ішінде жүре алады», - деп түсіндірді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, велосипедпен де жүруге рұқсат етілді.
Өз кезегінде, полиция тұрғындарды 3 адамнан көп жиналмауға шақырды.
Еске салайық, бүгін карантиндік режимнің жеңілдеуіне және көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл (фильтрация) посттарын алып тастады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.