Тұрғындар Төле би даңғылы мен Шығыс айналма жолының қиылысындағы көпірде жылқы жайылып жүргенін хабарлаған.
«Біздің бөлімшенің учаскелік инспекторлары мал иесін анықтады. 31 жастағы жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 408-бабы – мал жаю ережесін бұзу бойынша әкімшілік хаттама жасалды», – дейді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Фархат Сбанбаев.
Оның айтуынша, заң жол апатының салдары және де басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында малды түнде қорада ұстауға және үй жануарларының жол бойында жайылуына жол бермеуге міндеттейді.