«Қазгидрометтің болжауынша, ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні қар көп түседі. Түнде және таңертең жолдарда қар тазалайтын техникалар жұмыс істейді, осыған байланысты жол қозғалысында қиыншылықтар туындауы мүмкін», - делінген хабарламада.
Қала әкімдігі тұрғындардан коммуналдық қызметтің жұмысына түсіністікпен қарап жеке көліктерін жол шеттеріне қойып кетпеулерін сұрайды.