Жол апаты Төле би Әуезов көшелері қиылысында болды.
Төлеби көшесімен шығысқа бағыт алған жүк көлігінің алдын орап, тыйым салынған жерден екі адам жүгіріп өтпек болған. Олардың бірі үлгеріп кетсе, екіншісі КамАЗ-дың астына түсіп қалды. Ер адам бас жарақатымен ауруханаға шұғыл жеткізілді.
Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.