Алматыда Камаз өртенді
15:49, 14 Қыркүйек 2015
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай-Саин көшелерінің қиылысында Камаз өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт көліктің кабинасынан шыққан. Автомашина «Жол» ЖШС-ға тиесілі. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.