Алматыда кәмпитке қақалған бүлдіршінді дәрігерлер құтқарып қалды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тамағына кәмпит тұрып қалған 2 жасар бүлдіршін, есінен танып қалған. Оның №11 емхана дәрігерлері аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 19шілдеде болған. 2 жастағы Әли тас кәмпит жеп жүргенде тамағына тұрып қалған.Бірер минуттан соң бала демала алмай, есінен танып қалған.

Әлидің анасы АидаБарлыбаева жедел жәрдемді күтпестен бірден №11 емханаға жүгіріп кірген.

Емхананың фельдшеріСализ Дулазов пен терапия бөлімінің меңгерушісі Назым Күшікбаева балаға шұғылкөмек көрсетуге кіріскен.

Баланың тамағынанбөгде зат алынған соң бүлдіршін есін жиды.

«Есінен танғанбаланы көргенде бірден көмекке келдік. Әли механикалық асфиксиядан талыпқалған. Мен шпательге жүгіріп кеттім. Бала бізге келгенде демалмай келді.Сондықтан, біз шұғыл шараларға кірістік. Кәмпит көлемі үлкен болған. Оны алыпшыққан соң бала тыныс ала бастады. 4 минуттан соң қозғалды. Баланың аты-жөнінбілмейміз. Ешқандай мәлімет тексеретін уақыт болмады», - деді дәрігер НазымКүшікбаева.

Емханадан баланыжедел жәрдем каретасы алып кеткен.

Аида Барлыбаевакейін ұлын ертіп емханаға келіп, дәрігерлерге алғысын білдірді.

«Балам үйдеболатын, мен дүкенге шығып кеткем. Келсем қақалып отыр. Өзім кәмпиттті алыпшыға алмадым. Тез емханаға алып келдім. Дәрігерлер жедел әрекетке кірісті.Небәрі 5 минутта баламды құтқарып қалды. Басқа аналарға айтарым, балаларғақатты зат, кәмпит, чупа-чупс бермеңіздер, балаңыздан қарыс қадам ұзапкетпеңіздер дегім келеді», - деді Аида Барлыбаева.

Дәрігерлердіңайтуынша, кішкентай балалар арасында қақалып қалу жиі кездеседі. Тіпті қағаздыңөзіне тұншығып қалуы мүмкін. Көбінесе балалар ойыншықтың бөлшектерін, түйме,тиын жұтып қояды.

«Анасы баласынкөтеріп жүгіріп кіргені есімде. Тамағындағы бөгде затты алу керек болды. Бізкез келген жерден осындай шұғыл шараларға дайын болуымыз керек», - деді № 11емхана фельдшері Сализ Дулазов.

Соңғы жаңалықтар