АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда қандала улаймын деп жансақтау бөліміне анасымен бірге түскен 32 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Ер адам 12 желтоқсанда кешкі уақытта көз жұмды, жүрегі тоқтап қалды. Осы уақытқа дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінде жатты. Есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер барлық шараны қолданды, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Еске салайық, анасы мен ұлы аурухананың жансақтау бөліміне 1 желтоқсан күні түсті. Оларға жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.