Алматыда қандай нысандар дезинфекцияға жабылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен онлайн брифинг барысында Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев 20-21 маусым күндері ауданда қандай нысандар жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов аумағында барлық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, базарлардың, спорт залдарының жұмысы тоқтатылады. Қызметі тоқтаған барлық нысандарда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы санитарлық шаралар жүргізіліп жатыр.

«Қазір біздің дәрігерлеріміз, полицейлер мен тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етуде. Мен бәрін олардың еңбегіне құрметпен қарауға шақырамын. Біздің ауданның тұрғындарынан халықты коронавирус инфекциясынан қорғауға қажетті мәжбүрлі шараларға түсіністік танытуларын және байыппен қарауларын сұраймын», - деді Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев.

Ауданда Asia Park, Sputnik Mall, Almaty Mall, Grand Park, Moskva metropolitan СОО және 8 басқа сауда орталығы: Люмир, Үш Сұңқар, Масато, City және басқа 19 сауда үйі жұмыстарын тоқтатты, олардың арасында Armada, Car City, Тигрохауд, АвтоСити, 12 месяцев бар.

4 базар: Арыстан, Сары – Арқа, Ақсай – 3, Тигрохауд және 17 супермаркет Magnum, SMALL, Рамстор, Метро және басқалары. Сонымен бірге 28 спорт кешені D-fitness, FitnessBlitz, Invictus жұмыстарын тоқтатты.

Сонымен бірге, адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін азаматтардың демалыс күндері жаппай дем алуға келетін орындары жабылды.

Нақтырақ айтқанда, скверлер (4 шағын ауданда Сары-Арқа кинотеатының сыртында, және Алтынсарин даңғылы бойынша Қабдолов көшесінен бастап Жандосов көшесіне дейін)

8 шағын аудандағы жаяу жүргіншілер аймағы, Family Park саябағы, Сайран өзенінің батыс бөлігі жабық тұр.

Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуовтің айтуынша, аудан аумағында барлық супермаркеттер, ойын-сауық және сауда орталықтары, базарлар жабылды және қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Дәмханалар мен мейрамханалар санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда жазғы террасамен жұмыс істейді. Саябақтарға, қоғамдық бақтарға, әуежай жанындағы көл жағалауына, Спорт және ойын алаңдарына баруға тыйым салынады.

«Қосымша карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 20 маусым күні сағат 14.00-де Түрксіб ауданының 780 мың шаршы метр аумағында дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Оған 30 көше, үш саябақ, 11 сквер, бір жағалау, алты базар, 10 фитнес орталық, төрт бизнес орталығы және төрт супермаркет кірді. Үлкен сауда орталықтарына келетін болсақ, олар үшеу, дезинфекция кешкі 21.00-ден кейін жүзеге асырылады», - деді Ермек Бейсеуов.

Дезинфекцияға 30 техника, 50 дезинфекциялаушы қызметкерлер және 460 литр дезинфекция құралдары жұмсалды. БҰҰ басшысы өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың көп саны тіркелген күні деп мәлімдеді. Осыған байланысты, сіздерден қосымша карантин шараларын қатаң түрде сақтауды, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз«, - деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов.

Айта кетейік, бүгін Алматыда барлық ауданда дезинфекциялық шаралар жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.