Алматыда қандай жол қиылыстарына көлік қою қауіпті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жылу желілерінің тозған жерлерін анықтау үшін сынақтар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС қала тұрғындарына кейбір жол қиылыстарға көлік қоюдың қауіптілігін ескертті.

Гидравликалық сынақтар 21 шілдеден 3 тамыз аралығында таңғы 4.00-8.00 аралығында қаланың 8 ауданында жүргізіледі.

«Жылу құбырларына жасанды қысым берілген кезде тозған тұстар жарылып, ыстық су, бу шығып, жол бұзылуы мүмкін. Ондай жағдайда еш әрекет жасамай, 378-06-65, 109 нөмірлеріне хабарласу керек», - деді ЖШС.

21 шілдеде

– Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Оңғарсынова;

– Қарасай батыр – Шагабутдинов– Тимирязев – Розыбакиев.

21-22 шілдеде

– Ұлықбек – Шаляпин – Саин – Садуақасова.

21-24 шілдеде

– Асқаров – «Алматы» шипажай – Саин;

– Әл-Фараби – Рысқұлбеков – Каблуков;

– Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Ходжанов – ҚазНУ – Тимирязев – Ганди – Назарбаев – Жолдасбеков – Достық – Байжанов ІІМ шипажайына дейін.

22 шілдеде

– «Айнабұлақ-1», «Айнабұлақ-2», «Айнабұлақ-3», «Айнабұлақ-4» шағын ауданы;

– «Көкмайса» шағын ауданы (бұрынғы «Дорожник»);

– «Құлагер» шағын ауданы;

– Ратушный;

– Аққайнар – Мамбетов Үлкен Алматы каналының оң жағы.

22-23 шілдеде

– Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Навои – Саин;

– Абылай хан – Бөгенбай батыр – Әуэзов – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов;

– Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Маметова – Уәлиханов – Әйтеке би.

23 шілдеде

– Мөңке би – Оңғасырова – Момышұлы – «Зерделі» шағын ауданы;

– Рысқұлов – Сейфуллин – Тихов – Жансүгіров;

– Қабанбай батыр – Тлендиев – Жандосов – Айманов.

23-24 шілдеде

– Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Байсейітова – Сәтпаев – Есентай өзені – Шевченко – Досмұхамедов.

24 шілдеде

– Қарасай батыр – Байзақов – Тимирязев – Розыбакиев.

24-27 шілдеде

– Гоголь – Курганская – Сатпаев – Чайковский.

27-28 шілдеде

– Сейфуллин – Рысқұлов – Жангельдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.

28 шілдеде

– Мақатаев – Бөкейханов – Рысқұлов – Сейфуллин.

28-29 шілдеде

– Төле би – Гайдар – Абай – Әшімов.

28-30 шілдеде

– Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев –Есентай – Гоголь.

29 шілдеде

– Қарасай батыр –Үлкен Алматы өзені – Райымбек – Шоқин.

29-30 шілдеде

– Жұбанов – үлкен Алматы – Яссауи.

30 шілдеде

– Қарасай батыр – Розыбакиев – Райымбек – Шәріпов;

3 тамызда

– Жуалы – Сабденов – Жакыбаев – Тарғап.

Осы көшелерде тұратын тұтынушыларды ыстық сумен қамту толығымен сақталады.