«Қаңғыбас жануарлар санының өсуінің басты себебі – адам. Әр түрлі зерттеулерге сәйкес, қаңғыбас жануарлардың 85%-ы бұрынғы үй жануарлары, оларды иелері қуып жіберген немесе жоғалтып алған», - дейді спикер.
Оның айтуынша, қаладағы үй жануарларының жалпы саны әлі анықталған жоқ.
«2017 жылға дейін қалада қаңғыбас жануарларды реттеудің жалғыз тәсілі оларды ұстап әкету болды. Дегенмен бұл әдіс тиімсіз әрі гуманды емес. Қазір қалада қанша қаңғыбас жануар бар екені белгісіз. Көптеген елдер қаңғыбас жануарлар санын реттеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізді, бізде соған келе жатырмыз. Қазір қалада қаңғыбас жануарлар санын реттейтін бағдарлама іске асқалы жатыр. Мұндай шаруаны мемлекеттің қолдауынсыз іске асыру мүмкін емес»,- дейді Юлия Коваленко.
Оның айтуынша, тұрғындар ит немесе мысығы балалаған соң оны көшеге тастап кетеді, оның ары қарайғы өміріне жауапкершілік алмайды.
« Бұған жол бермес үшін тұрғындар үй жануарларын стерилизациядан өткізіп отыру керек, бірақ оған көпшілік ақшасын қимайды. Енді Алматыда қабылданған жаңа бағдарлама аясында 45 мыңға жуық үй жануары тегін стерилизациядан өтеді»,- деді ол.