Шаһар басшысы былтыр ауруханаларда оттегі беру бойынша біраз мәселе болғанын атап өтті.
«Алматыдағы 17 аурухана орталықтандырылған оттегі беру құрылғысына қосылған. Былтыр күз мезгілінде оны шештік. Әр палатада, әр төсек-орын оттегі беру аппаратына қосылған. Қазір кез келген палатаны реанимацияға айналдыруға болады. Бұл жұмыстың бәрі қысқа мерзімде атқарылды. Сондықтан бұл мәселе бойынша ешқандай проблема жоқ»,-деді әкім.
Кеше коронавирус инфекциясының 595 жаңа жағдайы тіркелген.
Оның 497-інде - коронавирус инфекциясының белгісі бар және 98-і симптомсыз пневмония.
Айта кетейік, Алматы 10 наурыздан бері «қызыл» аймақта. Карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды.