Спикер реаниматология және анестезиология орталығы жұмысының оң нәтижесін атап өтті.
«Бүгінде дәрігерлер 1000-нан астам ауыр науқастың жағдайын тұрақтандырып, оларды реанимация бөлімшесінен палатаға көшірді. Мысалы, орташа ауыр жағдайдағы пациенттер саны 2,5 есе — 3 256-дан 1 343 адамға дейін төмендеді»,-дейді ол.
Қаланың бас дәрігерінің айтуынша, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ковид бөлімшесінде жұмыс істей алатын мамандар резервін жасап, тұрақты түрде кадр дайындайды.
«Алдыңғы шепте 1 096 қызметкер жұмыс істейді (оның ішінде 235 дәрігер, 471 медбике, 390 кіші медицина қызметкері). Бүгінгі күні барлық стационар білікті мамандармен толық жасақталған, бірақ жоспарланған төсек-орын қорын пайдаланған жағдайда кадрларға деген қажеттілік те артады. Ол үшін бүгінде мамандарды қайта даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әрине, дәрігер-инфекционистер, пульмонологтар, анестезиолог-реаниматологтар және эпидемиологтар - коронавируспен күресте ең сұранысқа ие мамандар болып қала береді»,- деді Нариман Табынбаев.