«2020 жылдың қортындысы бойынша, 1600-ден астам медициналық қызметкер тіркелді. Оның ішінде 1400-ден астамы — коронавирус инфекциясын жұқтырған және 200-ден астам этиологиясы белгісіз пневмонияға шалдыққандар. 900-ден астам жағдай кәсіби қызметпен байланысты болды. Бұл коронавирус инфекциясы мен этиологиясы анықталмаған пневмония», - деді Әсел Қалықова.
Оның айтуынша, қалада тәулігіне 15670 сараптама жасайтын 26 ПТР зертхана жұмыс істейді.
«Алдағы уақытта олардың қуаттылығы тәулігіне 26 992 сараптамаға дейін ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ, тәулігіне 3 248 сараптамалық өткізу қуаты бар 14 ИФТ зертхана жұмыс істейді»,- деді спикер.