Алматыда қанша жанармай құю станциясы жұмыс істеп тұр
Штабтың дерегіне сәйкес, 12 қаңтар күніне қалада 220 жанармай құю станциясының 127-сі жұмыс істеп тұр.
Олар:
«Синойл» - 22, барлығы жұмыс істейді (14 жай зақымданды, қалпына келтірілді, жұмыс істеп тұр);
«Гелиос» - 47, 31-жұмыс істейді, 9- жай зақымданды (2 апта ішінде іске қосу жоспарланды, 7-қатты зақымданды (40 күн ішінде іске қосылады);
«ПетролАзия» - 30, 22-жұмыс істейді, 7- жай зақымданды (2 апта ішінде іске қосылады), 1-қатты зақымданды (өртенген, 90 күн ішінде іске қосылады);
«ГазПромНефть» - 27, 17-жұмыс істейді, 8- жай зақымданған (2 апта ішінде іске қосылады), 2-қатты зақымданған (60 күн ішінде іске қосылады);
«ҚМГ» - 27, 20-жұмыс істейді, 7- жай зақымданды (2 апта ішінде іске қосылады);
«Royal Petrol» - 34, 15-жұмыс істейді, 18-жай зақымданды (2 апта ішінде іске қосылады), 1-қатты зақымданды (өртенген, 90 күн ішінде іске қосылады).
«13 қаңтардан бастап қосымша желілік емес 33 жеке жанармай станциясын ашу жоспарланып отыр. 74 ЖМҚС нысаны зардап шекті»,- деп мәлім етті штабтан.