Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері мен Алматының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тапты.
Екі қап қару мен оқ-дәрі Түрксіб ауданындағы Гете көшесінде жасырылған. Онда қару-жарақ пен оқ-дәрінің 20-ға жуық түрі бар: оның ішінде Калашников автоматы, «Штурм» бес рет оқталатын ұңғылы шолақ мылтығы, 9 мм калибрлі газ револьвері, екі граната, әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон.
Сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.