Оның айтуынша, бүгінде Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр.
«Алматы «сары» аймақта тұр. Сондықтан, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында шектеу шараларын бақылауды күшейту қажет болып отыр», - деді Бекшин.
Оның айтуынша, қалада індеттің екінші толқыны қазан айында басталған.
«Үш айда КВИ жағдайларының тіркелуі 14 есе өсті (қыркүйекте – 165 жағдай, қазанда – 366 жағдай), яғни 1 айда 2,2 есе өскен. Қарашада – 1399 жағдай, желтоқсанда - 2256 жағдай тіркелді. Қаңтар айының 6 күнінде коронавирустың 600-ден астам фактісі тіркелді. Қаңтар айына арналған болжам онша жағымды болмай отыр. Осы айда 4500 жағдайға дейін тіркелуі мүмкін», - деді Бекшин.