Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қалада жауын-шашын болу мүмкіндігіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 17-18 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар»,-делінген синоптиктердің хабарламасында.
Осыған дейін ҚазАқпарат Алматыда 7 қар көшкіні болғандығын хабарлады.