Алматыда «КАР-СИТИ» сауда үйі өртенді, 1 200-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды

ТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Алматы қаласында «КАР-СИТИ» сауда үйі жанды, ғимараттан 1 256 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Әуезов ауданы, Баянауыл шағынауданында орналасқан «КАР-СИТИ» сауда үйінде өрт кешкі сағат 5-тен 5 минут кеткенде шықты. Анықталғандай, ғимараттың жер төлесінде орналасқан автокөліктерге арналған бұйымдардың дүңгіршегі жанды.

ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 48 адамы мен 17 техникасының көмегімен тілсіз жаудың ошағы 49 минутта жойылып, тағы жарты сағатқа жуық уақыттан кейін толығымен ауыздықталды.

Жалынның шарпыған жалпы аумағы 25 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.