«Алматы қаласының коммуналды қызметтері қала жолдарында көктайғақтың алдын алу үшін 9 800 тонна алдын ала әзірленген қоспалар сеуіп шықты. Қар тазалау жұмыстарына 535 техника жұмылдырылды», деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Сонымен қатар, қар тазалауға қала бойынша 1 620 жұмысшы тартылған. Қазіргі уақытта тротуарлар мен қоғамдық көлік аялдамалары және көлік тұрағына бөлінген арнайы орындарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қалалық және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы қызмет ететін арнайы кезекшілік ұйымдастырылды.