Бұл театр еліміздің ең танымал ұжымдардың бірі саналады.
Гастрольдік сапардың бірінші күні көрермендерді гала-концерт күтеді, одан кейінгі күндерде театр ең үздік қойылымдарын көрсетпек.
Қыркүйектің 12-не дейін жалғасатын сапар барысында көрермендер Ф.Легараның «Көңілді жесір», И.Кальманның «Сильва» және «Марица», И.Штраустың «Цыган бароны» оперетталарын, Г.Канчелидің «Ханумның қылықтары», Г.Гладкованың «Шөп үстіндегі ит» атты музыкалық комедияларын және Дж.Стайнның «Джазда тек қана қыздар», К.Портердің «Мені сүй, Кэт!» атты екі мюзиклін тамашалай алады. Сонымен қатар, балаларға арналған музыкалық ертегі қойылымдары да көрсетілмек.