Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, 27 маусым күні кешке «Арай» тұрғын үй кешеніндегі ірі бизнес орталығында екінші деңгейлі банктің офисі тоналған.
Қарақшылар 60 млн теңгені қолды қылған.
«Бұл деректі растаймыз. Тергеу амалдарының барысын жариялай алмаймыз. Осыған байланысты ҚР ҚК 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын қалалық ІІД басшысының өзі жеке қадағалауға алды», - деді Салтанат Әзірбек.
Айта кету керек, 27 маусымда «Арай» тұрғын үй кешенінде орналасқан екінші деңгейлі банктің офисіне қарақшылық шабуыл жасалды.
Әзірге, қаржылық ұйым ешқандай түсініктеме бермеді.