деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға тамыз айының басында болған. Құрбан болғандар қаланың қымбат ауданындағы үйлердің бірінде, Шымбұлақ көшесінде тұрған. Қылмыскерлер осында зейнеткер әйел 28 жастағы қызымен және кішкентай немересімен тұратындығын анықтаған.
«Зейнеткердің 28 жастағы Г. есімді қызы кәсіпкерлікпен айналысқан. Оның бірнеше сауда нүктелері болған. Оқиғадан бір апта бұрын ол бір жас жігітпен танысқан. Жігіт қылмысты тиянақты жоспарлап, келіншек үйінде жоқ кезде, үйге баса- көктеп кіріп, зейнеткерді байлап тастайды. Немересін өлтірем деп қорқытып, үйдегі бір миллион теңгеден астам ақша мен бағалы алтын бұйымдарды алып кеткен. Байлаудан босап шыққан ана полицияға хабар бергеннен кейін, сол күні кешке фоторобот жасалынып, қала көшелеріне ілінді», деді Алматы қаласы ІІД-нің криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Амангелді Шідерқұлов.
Оның айтуынша, қарақшылар пәтер жалдап тұрып жатқан жерінде ұсталған. "Екі қылмыскер 21 жастағы жігіт болып шықты. Алматы облысынан келген олар лайықты жұмыс таба алмағандықтан қылмысқа барғандарын мойындады. Қазір олардың басқа да осы сияқты қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде", деді Амангелді Шідерқұлов.