Бостадық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қалада карантин режимін бұзғаны үшін 344 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен олардың 64-і әкімшілік қамауға алынды, 196-на айыппұл салынды, тағы 44 адамға ескерту берілді.
«Төтенше жағдай режиміне байланысты полиция қызметкерлері қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды және тәулік бойы екі ауысымдық режимде қызмет етеді. Атап айтқанда, жаяу патрульдерінің жұмысы қоғамдық орындарға, қиылыстар мен қаланың көшелеріне бағытталған. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру үшін аудан әкімдігімен бірге арнайы мобильді топ құрылды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар, аталған басқарманың қызметкерлері карантинге жатқызылған инфекция ошақтарын оқшаулауға қатысады.
«Егер азаматтар карантин режимін бұзса, бұл жағдайда, ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы күндері сот отырысы онлайн режимінде өтуде», - деп толықтырды ол.